МЕЙІРІМ

МЕЙІРІМ

2019 жылы бүкіл қазаққа ортақ, біздің отбасының аяулы анасындай болған Фариза апамыздың – Фариза Оңғарсынқызының туғанына 80 жыл, дүниеден өткеніне 5 жыл толады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың аяулы ақын, қайраткер қызына арнаған сөзінде айтқанындай: «Фариза Оңғарсынқызы ұлттық поэзиямызға өзгеше леп әкелген ерекше дарын иесі. Оның қаламынан туындаған нәзік те отты жырлар әрдайым халқымыздың жан-жүрегін ерекше баурап алатын. Ақын өлеңдерінен оның өзіне тән өр мінезі, өршіл рухы, адам жанының терең қалтарыстарына жіті үңіліп, соны таң қаларлықтай шеберлікпен аша білетін қуатты талант тегеуріні айқын сезіліп тұратын. Сондықтан да Қазақстан халқы ақиық ақын, тамаша журналист, көрнекті қайраткер қызын ерекше қадірледі».

Мырзагелді КЕМЕЛ. МЕЙІРІМ