ӨМІРГЕ КӨЗҚАРАС (қысқа аудармалар)

ӨМІРГЕ КӨЗҚАРАС (қысқа аудармалар)
Spread the love

Аудармашыдан

 Білім-білікке, танымға ұмтылатын адамдға әлеуметтік желілерде мол қазына бар. Тек ерінбей іздену, өзіңіздің жаныңызды сусындататын дүниелерді ала білу қажет.

Осындай жазбаларды әуелі жинақтап алып, сосын жүйелеп, қазақ тіліне аударма жасадым. Мақсатымыз – өзгелер білгенді қазағымыз да білсін, өз тілінде оқып, қажеттісін алсын, бойына сіңірсін, өміріне пайдалансын деу ғана.

Кейінгі кездері қазақ революцияшыл болып барады. Осы орайда мына бір сөздер тілімізге оралды: «Нағыз революция ақылға сәуле қондыру мен мінезді тәрбиелеуде. нағыз азаттық тек жеке басқа қонады. нағыз революционерлер – тек қана философтар мен әулиелер».

Мұны жазған ерлі-зайыпты Уилл мен Ариэль Дюранттар өркениеттің дамуы жөнінде мыңдаған бет кітап жазған тарихшылар.  

Сондықтан қазақты осы авторлар айтқан нағыз революцияға бағыттауға септігі тиер деп ұсынып отырмын.

Аударма еңбектерді оқып, шынайы пікірін айтқан белгілі аудармашы, көсемсөзші Шынар Әбілдаға алғыс білдіремін.

 Мырзагелді КЕМЕЛ

Өмірге көзқарас