Генетикалық түрлендірілген өнімдер: игілік пе жамандық па?

Генетикалық түрлендірілген өнімдер: игілік пе жамандық па?
Spread the love

Генетикалық түрлендірілген өнім дегеніміз не? Уикипедия ашық энциклопедиясы гендік түрлендірілген ағза (ГТА) (ағылш. genetically modified organism) деп – гендік инженерия әдістерінің көмегімен жасанды түрде генотипі өзгертілген тірі ағзаны айтады. Бұл анықтама өсімдік, жануар және микроағзаларға қолданыла алады, жасалады. Осы ағзаны енгізуден шыққан өнімді – генетикалық түрлендірілген өнімдер деп атайды. Генетикалық түрлендіру ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнеркәсібінде ГТА ретінде геномына бір немесе бірнеше трансгендердің енгізілген организмдер жатады.

ГТА-ны жасаудың негізгі кезеңдері:

  1. Оқшауланған генді алу;
  2. Организмге тасымалдау үшін генді векторға енгізу;
  3. Модификацияланушы ағзаға гені бар вектордың тасымалдануы;
  4. Ағзаның жасушаларының өзгеруі;
  5. Модификацияланған ағзаларды іріктеу, яғни сәтсіз түрленгендерін жою.

Генетикалық түрлендірілген өнімдер (ГМО) проблемасы қазақстандық және шетелдік әдебиеттерде, әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарында үстірт беріледі, ол талдаулар, әдетте бұл өнімдердің тиімділігін дәріптейді, не болмаса оның зияны жайлы бірыңғай сыни көзқараста болады.

Жер шары халқының саны 2050 жылға қарай 9-11 млрд-қа жетуі болжануда. Генетикалық түрлендірілген өнімдерді насихаттаушылар жер бетіндегі адам санының күрт көбеюіне байланысты, әлем бойынша ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді екі-үш есеге арттыру қажеттігінің туындап отырғанын алға тартады және адамзат баласына тұтынуға жетерлік өнімді тек трансгенді өнім өсімдіктер мен жануарларға қолдану арқылы ғана мүмкін болатын нәрсе деп тұжырымдайды.

Трансгенді өнім деп өсімдіктің немесе жануардың трансплантацияланған гені басқа түрге енгізілгенде сәтті қызмет атқаратын өнімдер аталады. Бұл реципиент өсімдік адам үшін қолайлы қасиеттерге ие болуы үшін, түрлі вирустар мен ауруларға, сыртқы ортаның қолайсыз факторларына төзімді болуы  үшін жасалады. Генетикалық түрлендірілген дақылдардан алынған өнімдердің дәмдік сапасы өзгермейді, өнімді мол береді және бұзылмай ұзақ сақталады.

Кейбір ғалымдар трансгенизацияны «жеделдетілген»  селекция  деп қарастырады. Бірақ ондай селекция көмегімен  туыс ағзалардың  гибридін  алуға болады (мысалы, картоптың  бірнеше сортын  шағылыстыру  арқылы), ал табиғатта  әр түрге жататын ағзалар арасында шағылысу жүрмейді. Егер жүре қалған өзінде ұрпақ бермейді.

Жасанды генетикалық түрлену дегеніміз не? Ол лаборатория жағдайында бөлініп алынған геннің басқа ағзаға жасанды жолмен енгізілуі. Американдық іс-тәжірибелерде қызанақ пен құлпынай суыққа төзімді болуы үшін оларға солтүстік теңіз балықтарының гені, ал жүгері дақылы зиянкестерге жем болмауы үшін оларға жылан уынан алынған өте белсенді ген енгізіледі, ірі-қара тез салмақ қосуы үшін оларды түрлендірілген өсу гормоны қосылған құрама жеммен қоректендіреді, сояға гербицидтердің әсерін азайту үшін  кейбір бактериялар мен вирустардың генін қосады екен.

Бұл әдісті насихаттаушы ғалымдар генетикалық түрлендірілген өнімдерді (ГТӨ) шығару арқылы адамзат баласын аштықтан алып қалудың жолын ашып отырмыз деп санайды. Расында, бүгінде жер бетінде күн сайын 20 мың адам аштықтан қырылып жатыр дейді статистика.

ГТ-өнімдерін өндіру арқылы аз уақыттың ішінде жаңа сорттар шығарылып отыр. Оның пайдасы генетикалық түрлендірілуге ұшыраған өсімдіктер өте төзімді, ұзақ уақыт сақталады, зиянкестерден және арамшөптерден өздерін қорғай алады. Құрамы генетикалық түрлендірілген өнімдер өндірушілер үшін де өте жақсы табыс көзі болып табылады себебі, олардың түрлері әдемі, көздің жауын алып тұрады, сыртқы әсерге төзімді. Осылайша генетикалық түрлендірілген өнімдер – генетикалық инженерияның табысты жемісіне айналып үлгерді.

Басы қалай басталып еді? Америка Құрама Штаттары 1983 жылы биологиялық қару жасау барысында ең алғашқы генетикалық түрлендірілген өсімдіктерді өндірген. Генетикалық түрлену 1986 жылы өсімдіктерді үсіп кетуден сақтау үшін пайдаланылған. Бұл ол кездері ғылымдағы үлкен жетістіктердің бірі саналды. 1992 жылы осы әдіспен Қытайда зиянкестер залал келтірмейтін темекі шығарылды. 1994 жылы тасымалдау кезінде бұзылмай сақталатын қызанақтар өндірілді. Содан бастап «ГТӨ мәдениеттің» дәурені жүре бастады. Оған себепші болған Американдық  «Monsanto» фирмасы еді. 2006 жылы 22 елдің 10,3 млн. фермері 102 млн. гектар жерге генетикалық түрлендірілген өсімдіктің сан түрін алған. Мәселен, осы жолмен өсірілген картоп, алма, мақта, жүгерілерге құрт мүлде түспеген. 2006 жылы 97% трансгендік өсімдіктерді АҚШ (53%), Аргентина (17%), Бразилия (11%), Канада (6%), Индия (4%), Қытай (3%), Парагвай (2%) және Оңтүстік Африкада (1%) өндірген. Бүгінде дүкен сөрелерінде тұрған тағамдардың құрамына ГТ-соя, ГТ-жүгері, ГТ-крахмал, ГТ-ақуыздың қосылатыны белгілі. «Monsanto»  фирмасы өндірген ГТ-жүгері АҚШ нарығында көш бастап тұр. ГТӨ-нің араласпаған жері жоқ. Биологиялық және медициналық зерттеулерде, фармацевтикада, ауыл шаруашылығында, тамақ өндірісінде кеңінен қолданылып жатыр.

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жазда Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарын аралағанда ген­етикалық түрлендірілген ағзалары бар өнімдерге өз көзқарасын білдірді [1].

«Бразилия техника жағынан ғана емес, бұл жағынан да алдыңғы қатарда. Мен ол жақта генетикалық түрлендірілген өнімдердің қалай жасалатынын көрдім. Онда тұрған ештеңе жоқ, ешқандай химия жоқ. Бұл жаңа өнім. Біз әйтеуір бір кезде әсер етеді деп алаңдаймыз – бұл белгісіз. Ал онсыз, мен сіздерге айтайын, бәлкім біреулерге ұнай қоймас, бірақ әлем онсыз тығырықтан шыға алмайды. Ген­етикалық түрлендірілген өнімдер тарала береді, себебі жер бетіндегі адамдарды асырау үшін азық-түлік көлемін үш есеге арттыру мүмкін емес. Тура солай біз бидайға істейміз: әдетте өзге мәдениеттің гені енгізіледі, не үшін екеніне қарай – майға төзімділігіне немесе ылғалға, болмаса керісінше зиянкестерге қарсы. Сонымен болды. Жаңа бидай шығады. Дәл солай мал шаруашылығында. Біздің осының барлығы қарапайым әрі қалыпты дүние екенін білмейтініміз қорқынышты», – деді.

Қазақ ұлттық тағамтану акаде­мия­сының президенті, академик Төрегелді Шарманов та бұл пікірді қолдайды:

«Бүгінде әлемдегі елдердің көбісі ген­етикалық түрлендірілген азық-түлік өнім­де­рін өндіреді. Қытай, Жапония, Корея, ал АҚШ мұндай генетикалық түрлендірілген өнімдерді тіптен көп өндіруде.

Жа­сыратыны жоқ, ген­етикалық түрлендірілген тағам өнімдері жылдан-жылға есе­леп өсіп келеді. Бұған қарсы адамдар да шығып жатыр. Кезінде селекция деген шы­ғып, одан да жұрт ат-тонын ала қашып үрік­кен болатын. Бүкіл дүниежүзі бұған қар­сылық танытқаны әлі есімізде.

Ақыры се­лек­циясыз күн көру мүмкін емес болып қал­ды ғой. Менің ойымша, ген­етикалық түрлендірілген тағамдардың адам ағза­сы­на ешқандай да зияны жоқ. Ген­етикалық түрлендіру тағамның жаңа қасиетін жасап шығаруға мүмкіндік береді.

Мәселен, тағамның кейбір түрлерінен ин­­сулин жасап шығаруға болады. Сон­дай-ақ кейбір көкөністерде С дәрумені жа­­са­лын­байды. Қазір осы генетикалық түрлендірілудің себебінен С дәрумені жа­са­лы­натын болды.

Бұған қоса, ген­етикалық түрлендіру қауіпті көрсеткіштерді азай­татын болды. Соң­ғы уақыттарда қы­за­нақтың қадір-қа­сие­ті жарты есеге де­йін төмендеп, құ­на­ры қаша бастаған еді. Ал ген­етикалық түрлендіру қызанақтың құ­на­рын біршама жо­ға­ры­ла­тып берді.

Мә­се­лен, қызанақ тоңазыт­қыш­тың өзінде екі-үш күнге дейін шыдай алмай­ды, ал ген­етикалық түрлендірілген қы­­занақ қан­ша­ма уақыт бойы бөлменің тем­пе­ра­ту­ра­сында-ақ сақтала береді.

Ген­етикалық түрлендірілген өнімдерден адам ағзасына қауіп жоқ. Өйткені адамның да, жан­уар­лар­дың да ағзаларында сырттан келетін зиян­ды заттардан сақтайтын төрт дә­режелі қор­ғаныс бар. Адам ағзасына қа­уіпті әрі зиян­ды деген заттар осы төрт «сүз­гіден» өте алмайды. ген­етикалық түрлендірілген та­ғамдардан үркетіндер «бұл та­ғамдар біз­дің генімізге әсер етеді» деп ой­лайды. Ген­ге әсер ету үшін оған үлкен ген­дік ин­же­не­рия қажет. Әйтпесе генді ра­диациямен не химиялық жолмен ғана за­қым­дай ала­мыз. Генді зақымдау оңай шаруа емес. Сондықтан да ондай та­ғам­дар­­дан қауіптенуге болмайды» – дейді [2].

Елбасының және ел қамын қамдаушы өрелі азаматымыздың сөздері көңілге медеу болады. Дегенмен мәселеге үңіліңкіреп қарасақ, уайым жасайтын да жөніміз бар екен дейміз.

Үкіметіміз бұл мәселеде әрекетсіз емес. Осы мәселеге қатысты «Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» N 543 Заңы 2004 жыл 8 сәуірде қабылданған [3]. Ол заң жетілдіріліп, қайтадан «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» заңы болып 2007 жылғы 21 шілдеде қабылданды, оның преамбуласында «Заң республика аумағында адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін және қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді» деп жазылып қойылған [4]. Заң генетикалық түрлендірілген объектінің (яғни, өнімнің) айналымына қойылатын талаптарды мұқият анықтаған. Заңда Қазақстан Республикасында генетикалық түрлендірілген объектіні өндіру (шығару), шет елден әкелуі және сатылуы тек мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана жүзеге асырылатыны айтылған. Сонымен бірге «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңында да тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты баптар бар [5].

Халықаралық құжаттарды ГТӨ өнімдерінде қандай таңбалары болуы тиіс екені нақтыланған. 1998 жылы қыркүйекте ЕуроОдақта қабылданған шешім бойынша, ГТӨ қолданылып дайындалған өнімдер таңбалануы тиіс делінген және ол құжаттың талаптары ҚР Заңында толықтай нақтыланған. Заңда өнімдегі ГТӨ деңгейі 0,9% болып бекітілген, құрамында ГТӨ 0,9%-дан төмен болса таңбалау қажетсіз, ал егер 0.9% көп болса орамында ол туралы мәлімет болуы міндетті. Өнім осыған қатысты барлық тиісті рәсімдерден өткеннен кейін ғана сатуға жіберіледі.

Шет елдерде таңба барлық азық түлік өнімдеріне қойылмайды. Мысалға АҚШ пен Канадада таңба қою – ерікті түрде, Кореяда,  Норвегияда, Швейцарияда және Қазақстан Республикасында – міндетті.

Ғалымдар ГТ-өнімдердің денсаулыққа әсері жайлы таласуда. Бір елдер (АҚШ, Қытай және Канада) сапасы өзгертілген жүгері, соя және картофель өндіруде, ал Австрия, Грекия және Венгрия өз елдерін ГТ-өнімдерден азат ел деп жариялаған.

ГМ-өнімдердің зияндылығы толықтай дәлелденген жоқ, бірақ сіз өз қауіпсіздігіңіз үшін тұтынатын өніміңіз толықтай табиғи өнім екенін білуіңізге болады.

Алдымен ГТӨ деп геніне басқа ағзалардың генін енгізген өсімдік, жануар, микроағзалардың айтылатынын білу қажет.

Картинки по запросу гендік инженерия экономика

ГТӨ пайдаланылған тамақ өнімін кәдімгі азық-түліктен айырудың үш қарапайым тәсілі бар.

  • Табиғи өнімдердің қорабына «100 % organic», «Organic» немесе «Made with organic ingredients» деп жазылады. Бұл жазбалар ГТӨ компонеттренің жоқтығына кепілдік береді.
  • «ГТӨ-сіз», «Non-GMO» немесе «Made without genetically modified ingredients» деген жазбалар бұл тауарларда ГТӨ рұқсат етілген 0,9 пайыздан аз дегенді білдіреді.
  • ГТ-өнімдер аллергияға ұшыратады. Мысалы сізде бір тағамға ұдайы аллергиялық әсер болса, онда оның этикеткасын мұқият зерттеңіз.

АҚШ-та баға жазылған ақпаратта көкөніс пен жемістер 5 саннан тұратын PLU-кодпен белгіленеді. ГТӨ бар өнімдер 8 санынан жоғары қарай белгіленеді.

ГТ-өнімдер зиянкес жәндіктерге, гербицидке және вирустарға төзімді болып келеді. Кәдімгі өнімдермен салыстырғанда оның дәмі жақсарады, тез өседі және өнімді көп береді. Дегенмен ГТ-өнімдерді бақылағанда, жай көзбен-ақ оны табиғи өнімнен айыруға болады.

Өнімнің сыртқы түріне де назар аударыңыз. Төмендегі түрлі-түсті суретте айырмашылық нақты көрініп тұр [6].

 

Генетикалық түрлендірілген өнімдер сырт қарағанда ешбір кемшіліксіздей көрінеді. Олардың формасы дұрыс, көлемдері бірдей, көпке дейін бұзылмайды, өйткені жаңа гендер сыртқы әсерге төзімді келеді. Мысалы, ГТ-өсімдікке қосылған Bacillus thuringiensis бактериясы зиянкестерді улайтын токсин бөліп шығарады.

Егер көкөністерге жәндіктер тисе, онда ол табиғи өнім болғаны.

Егер сіз ГТ-өнім қосылған азық-түлікті тұтынғыңыз келмесе, онда мына тізімді есте сақтаңыз:

Әлемдегі 78 пайыз соя, 33 пайыз жүгері және 24 пайыз рапс – трансгенді.

Оларды мына өнімдерге қосады:

  • шұжық, жіңішке ішек шұжық:
  • сүт және ірімшік:
  • жартылай фабрикаттар мен ұннан жасалған сұйықтықтар;
  • құрған таңертеңгі ас пен тез әзірленетін кашалар;
  • нан, кондитер өнімдері;
  • тәтті шырындар.
  • Мақта және арахис майы;
  • Майонез;
  • шоколад сиропы [7].

Өнімдердің құрамында гендердің бар екендігін тек күрделі зертханалық зерттеулер жүргізу кезінде ғана білуге болады. Генетикалық өнімдерді өндіруге және сатуға, тасымалдауға құқықты алу үшін мемлекеттік гигиеналық сараптама мен тіркеуден өту қажет.

Батыс елдерінде дүкен сөрелерінде гендік өзгертілген өнімдер бұрыннан және  ашық түрде жатыр. Этикеткаларында сатып алушыларды мәліметтеу үшін арнайы белгілер салынған.

Өндірушілер ешқандай азық-түліктің сыртына «ГТӨ қосылған» деп жазбайтыны анық. Керісінше «ГТӨ-сіз»  табиғи өнім деп жазуға бейім.

Генетикалық түрлендірілген өнімді қалай ажыратуға болады? Бұны анықтаудың еш қиындығы жоқ. Барлық кондитерлік, әсіресе, кәмпиттер, печеньелер, ұн, шоколад түрлерінің құрамында трансгендер бар. ГМ-өнімді құрамындағы тағам қоспасының тізімінен анықтауға болады. Сондықтан, тағамды сатып алмастан бұрын мұқият қарап шыққаныңыз абзал. ГТӨ өнім Е индексімен жасырынып тұрады. Олар былай белгіленеді: Е101 и Е101А; Е150 (карамель); Е270 (сүт қышқылы); Е330 (лимон қышқылы); Е470-тен Е570 (тұз және май қышқылдары) т.т. Сондай-ақ,  ГМО-ны өндірісте қолданатын фирмалардың тізімі жарияланған. Олар: Kelloggs, Nestle, Heinz Foods, Coca-Cola, McDonalds, Cadbury, Mars,  PepsiCo, Hipp, Nestle, Unilever, «Heinz» аталатын өнімдер, Knorr, Calve, Maggi, Lipton, Nestea, Brooke Bond, Бондюэль, Балтимор, Кампина, Эрман, Чудо-йогурт, Данон т.б.* [8].

* бұл тізімді жариялай отырып, аталған өнімдерге берілген баға қазіргі заманда интернет-ресурстарда көп қолданылатын фейк болуы да мүмкін екенін назарда ұстауға тиіспіз. Бәсекелес компаниялар тарапынан бұл өнімдердің репутациясына нұқсан келтіру ниеті де болуы мүмкін. «Бәрі жаман» дейтін көзқарастағы тұжырымдар болу мүмкіндігін де естен шығаруға болмайды.

Қиындық сонда, мамандардың өздері қолдарында арнайы аспаптары немесе зертханасы болмаса сіздің үстеліңіздегі трансгендік өнімдердің бар немесе жоқ екенін айта алмайды. Сондықтан сатып алған тауарыңыздың қорабына үңіліп қана сапасын анықтай аласыз. Ал, біздің елдің азаматтарында бұндай мұқияттылық 10 мың адамнан біреу шығатын шығар. Генетикалық түрлендірілген өнімдердің көп жағдайда адамдарға тіл үйіретін дәмділік пен жалған сапа арқылы орасан зиян келтіру мүмкіндігі мол.

ГТӨ-нің насихатшылары адамдарды тұтынушылық деңгейден асырмайды, мәселен: жер бетінде адам саны өте көбейіп кетсе, оларды қалай асыраймыз? – деген сияқты жанама сұрақтармен алдандырады. Шын мәнінде генетикалық түрлендірілген өнімдерді ұсынушылардың нақты ниеті әлдебір жанашырлықтан, мейірбандықтан ғана туындаған десек қателесеміз, оның мағынасы екіұдай сияқты. Сондықтан ГМО (генетикалық түрлендірілген өнімдер) тақырыбына (проблемасына) тереңірек үңіліп, өткен, бүгінгі және болашақтағы ғасырлардың кең мағынада қараған жөн.

Зерттеулер, генетикалық түрлендірілген өнімдердің идеологиялық негізі әлеуметтік желілер мен ресми емес бұқаралық ақпарат құралдарында ылғи да аталып қалып отыратын  «жаңа әлемдік тәртіп» немесе әлемді бағындыру жоспарына, яғни – «Пайк жоспарына» сәйкес келетінін көреміз. Бұл жоспардың авторы Альберт Пайк, «Ерікті тас қалаушы» ұйымының мүшесі, 1867 жылы Нэшвиллде (АҚШ, Теннеси штаты) «Рыцарлардың «ку-клукс-клан» (грекше kuklos – шеңбер) орденінің»  негізін қалаған ол Иллюминант Мадзинидің басшысына үш әлемдік соғыс арқылы әлемді бағындырудың жоспарының жалпы мағынасын, демек, «жаңа әлемдік тәртіп» орнатудың жоспарын ұсынған.

«Пайк жоспары» мен оны қолдайтындардың ниетіне орай екі әлемдік соғыс өтті. «Жаңа әлемдік тәртіп» жасау жоспары ретінде «үшінші әлемдік соғыс» былай жүзеге аспақ:

– АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесін құру немесе қаржы саласында америка долларының әлемдік билігін орнықтыру;

– бүкіл әлемде альтернативтік (оның ішінде дәстүрлі) энергия көздерін қолдануға кедергі болу үшін англо-америкалық мұнай саясатын жасау және өмірге енгізу;

– жоғарғы ақпараттық технология құру мен әлемдегі ақпараттық кеңістікте билік ету;

– ГТӨ (генетикалық түрлендірілген өнімдер) мен ГТӨ-құрамдар ойлап табу, шығару және жан-жаққа тарату, яғни күнделікті тұтынатын тағам мен дәрілерді пайдаланудың адам өмірі үшін түп негізіне әлемдік бақылау жасау;

Генетикалық түрлендірілген өнімдерді жасаудың басты идеялық және қаржылық қолдаушылары белгілі әулет өкілдері, әлемдік атаулы миллиардерлер, тіпті, олардың ішінде президенттер де, БҰҰ басшылығында болған тұлғалар да бар. Олар бұл жобаны жан-жақты қолдаған және қолдап келе жатыр, олар трансұлттық агробизнестің тұжырымдамасын жасауға иелік етіп және қатаң бақылау ұйымдастырды.

Генетикалық түрлендірілген өнімдер жасау планетарлық жобасының басты қаржылық көзі «Африкадағы жасыл революция үшін Альянс» (АГРА) – гигант миллиардерлердің екі жекеменшік қоры: Рокфеллер қоры (оның әлемдік билікті иелену жобасы – Пентагонның ұсынымымен әзірленген «барлық спектрлер бойынша билік ету» мен Билл мен Мелинда Гейтс қоры.

Бүкіл әлемде генетикалық түрлендірілген құрамдар мен генетикалық түрлендірілген өнімдерді ең ірі ойлап табушылар мен өндірушілер – өсімдіктер биотехнологиясының әлемдік көшбасшысы Сан Луистағы “Монсанто Корпорейшн” компаниясы (Миссури штаты, АҚШ). “Монсантоның” акцияларын ұстаушы аты белгілі Рокфеллер и Гейтс қорлары. Бұл жоба бойынша әлем халқының санын азайту, әсіресе қара түсті нәсілдер санын (түрлі ақпарат көздерінде олардың саны жердегі тұрғындардың бүгінгі санының 700-ден 900 миллионға дейінгісі) реттеу екенін есте сақтау қажет. Сонымен қатар, кедей адамдарға арзан бірақ зиянды өнімдерді ұсыну арқылы, олардың ұрпағының көбеюіне тосқауыл жасау. Бұл ГТӨ-нің (генетикалық түрлендірілген өнімдер), айтыла беретіндей ашыққандарға «қамқорлық» үшін емес, нағыз мағынасы мен мақсаты басқаша екенін де көрсететіндей.

«Pulatoff Yusup consulting» сайтының хабарлауынша, жер шарындағы тұрғындар санын реттеу идеясының авторлары мұны «Жұмсақ депопуляция», яғни «адамдардың көбеюіне байқалтпай тосқауыл қою» деп атайды, оның құрамдас бөліктері мынадай:

  1. Генетикалық жетілдірілген ағза өнімдері адамзат болашақ ұрпағын ұрықсыздандыруға алып келуі тиіс.
  2. ГТ-ұрықтарды егістікке қайта егу құқығын пайдалануды жаппай монополияландыру.
  3. Обыр (рак) кеселдерінің өсу үрдісінің нақты себебін жаппай жасыру саясатын жүргізу.
  4. Дәстүрлі емес құндылықтарды заңдастыру.
  5. Нашар қамтылғандар мен кедейлердің жоғары өлім көрсеткіші негізінде адам жасының ұлғаюындағы әлемдік жариялылық.
  6. Бір адамның өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін сол адамға қызмет етер бірнеше адамның донор ретінде пайдаланылуын өмір сапасы ретінде негіздеу саясаты.
  7. Адамның өз органдарын қоғамның басқа бөлігі үшін беруіне келісуін айыптамау.
  8. Эвтаназия мен жезөкшелікті, бір жынысты некені заңдастыру.
  9. Жеңіл есірткілер мен синтетикалық психотроптық препараттарды заңдастыру.
  10. Жас балаларға жасалатын жыныстық зорлыққа жалпылама байыппен қараудың жаңа мәдениетін қалыптастыру үшін білім беруді құлдилату [9].

Бұл тізім кедейлерді білдірмей жоюдың жаңа жасырын  тәсілдерінің  пайда болуына орай жалғасуда және жетілдіруде. Бұл пункттің әрбірі жұмсақ депопуляцияның революциялық белгісі.

Канн университетінің (Франция) профессоры Жиль-Эрик Сералини басқарған ғалымдар тобы тамақ өнеркәсібі көшбасшыларынан және генетикалық түрлендірілген өнімдер мен генетикалық түрлендірілген құрамдарды ғылыми тұрғыдан сынайтындардан жасырын, қатаң құпия жағдайында бағасы 3 млн еуролық көп жылдық іргелі және тәжірибелік ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл зерттеулердің түпкілікті нәтижесі «Фуд энд кемикал токсиколоджи” (food and chemical toxicology) журналында және өзге де басылымдарда жарияланды, ол әлемдік қоғамдастықты таңырқатты және дүр сілкіндірді.

Сонымен, қауіп неде?

Қазіргі таңда гендік инженерия саласы ГТ өнімдерді пайдалану болашақта  қандай зардап шеккізетінін әлі анықтап біткен жоқ, бұл бағыттағы зерттеулер мен тәжірибелер жалғасуда. Енгізілетін геннің нақты қайда түсетінін анықтауда қиындықтар туындап отыр, сол себепті бұл процесс болашақта қалай залалын тигізетіні де нақты анықталмауда.

1989 жылы АҚШ-та  L-tryptophan тағамдық қоспасының салдарынан 37 адам қайтыс болып, 5000 адам жүрек-қантамыр жүйесінің ауруына шалдықты. Сол себепті АҚШ дәрі және азық-түлік қызметі бұл тағамдық қоспаны сатылымнан алып тастауға мәжбүр болды. Осы өнімді өндіруші жапондық Showa Denko химия фирмасы 1988-1989 жылдары бұл қоспаны генетикалық өзгерген бактерия алу үшін пайдаланған болатын.

1996 жылы АҚШ-тағы Небраска штатының ғалымдары трансгенді өнімді қолданудан адамдардың жаппай өмірге қауіпті  аллергияға шалдығуының алдын алды. Тағамдық аллергиясы бар адамдар кәдімгі тағам өнімдерінің ДНҚ молекуласына енгізілген бөтен протеиндердің әсерінен зардап шеге жаздады.

Аллергиясы бар адамдар міндетті түрде сатып алған өнімдерінің орамасынан осы қоспаларды қарап, сақтықпен қолдануы қажет.

Сонымен, ГТ өнімдердің адам денсаулығына тигізетін зияны толығымен дәлелденбесе де, ғалымдардың зертханада жүргізген тәжірибелері негізінде келесідей тұжырымдар жасалды:

ГМ тағамдар мен көкөністерді пайдаланудан адам мен жануарлар ағзасына келетін зиянды әсерлер

  • Бедеулік;
  • Ішкі ағзалардың салмағының өзгеруі;
  • Иммундық жүйенің нашарлауы;
  • Артық салмақ;
  • Бауыр қызметінің бұзылуы;
  • Көкбауыр қызметінің өзгеруі;
  • Асқазан-ішек жолдарының микрофлорасының өзгеруі;
  • Түрлі аллергиялық кеселдердің пайда болуы;
  • Онкологиялық аурулардың көбеюі;
  • Ұрықтың дұрыс жетілмеуі.

Ағза геномының өзгеруі улы әрі мүлде жаңа бактериялар мен вирустардың пайда болуына себепші болуы мүмкін.

Генетикалық түрлендірілген өсімдіктердің тозаңдары  қалыпты өсімдіктерге түссе оларды трансгенді өсімдікке айналдырады. Генетикалық түрлендірілген өсімдіктердің тозаңдары аралар мен көбелектерді, басқа да бунақденелілерді жойып жіберуі мүмкін. Соның салдарынан ғаламшарымыздың биологиялық әртүрлілігі қысқарып кетеді деген болжамдар да жасалуда.

Бұл мәселеді Қазақстанның жағдайына келсек, ақпарат көздеріне сүйенсек, Қазақ тағамтану академиясынан басқа біздің елімізде ешбір мекеме генетикалық түрлендірілген өнімдерді зерттеумен айналыспайды екен. Және де аккредитацияланған зертханалардың болмауы салдарынан шет елдерден әкелінген  тауарлардың құрамындағы трансгендерді  ешкім анықтап жатқан жоқ дейді.

Сырттан тасымалданатын және өзімізде шығарылатын мынадай тағамдарда генетикалық түрлендірілген қоспалар болуы мүмкін:

  • Соя (бұршақ,концентрат,ұн,сүт);
  • Жүгері (ұн,консервілер,поп-корн,май,чипсы,крахмал);
  • Картоп (жартылай фабрикаттар,құрғақ пюре,чипсы,крекер т.б);
  • Қызанақ (томат пасталары,кетчуп,пюре,соустар);
  • Қант қызылшасы (тағамдық қызылша,қант);
  • Күнбағыс майы;
  • Күріш және одан жасалған өнімдер (ұн,чипсы);
  • Сәбіз;
  • Пияз.

Міне, сіздерге ұсынған тізім халыққа тұтастай таныс…

Ресей нарығында ГТ-өнімдер 90-жылдарда пайда болды. Қазір бұл елде мұндай өнімдердің 17  түріне рұқсат берілген. Олар: жүгерінің 17 сұрыптамасы; сояның 3 сұрыптамасы; картоптың 3 сұрыптамасы; күріштің 3 сұрыптамасы; қызылшаның 5 сұрыптамасы және микроағзалардың 5 түрі.

Қытай Халық Республикасындағы фермаларда зиянкестерге төзімді генетикалық жетілдірілген  күріш өсіру ауыл шаруашылығының  тиімді әдісіне айналған. Бұл ел генетикалық түрлендірілген күрішті өндіріп, бүкіл әлемгек таратып жатыр, өздері оны тұтынбайды.

Осы жағдайда біздің дастарханымыздағы кез келген тағам генетикалық жетілдірілген ағза енгізілген болуы әбден мүмкін. Осы мәселені зерттеу үшін құрылған Еуроодаққа қарайтын ұйым трансгенді өнімдерді тағам ретінде пайдаланудың зиянсыздығы туралы шешім қабылдап та қойды. Алайда оған қарамастан Еуроодаққа енген кейбір елдер ғана генетикалық түрлендірілген өнімдерді өз елдерінде өсіруге немесе импорттауға рұқсат берген. Ал ТМД елдерінде бұл мәселеге әлі жеткілікті мөлшерде назар аударылмай келеді, сол себепті трансгенді өнімдер бізге ешбір бақылаусыз еркін түрде әкелінуде. Адамның асқазан жолдарындағы кейбір микроағзалар  бөтен гендерді ұстап алып, оларды өз ДНҚ-сына енгізуі мүмкін. Осылайша жаңадан қоныстанған гендер өз қызметтерін жүзеге асыра бастайды. Олар адам ағзасына қалай әсер етеді? Мысалы,өсімдіктердің жасушасының белсенді өсуін туындататын гендер бар. Бұндай гендер түрлі ісіктерді туындатуы мүмкін. Түрлендірілген картоп, соя, бұршақ өнімдері ішкі секреция бездерінің қызметін бұзып, аллергиялық ауруларға ұшыратуда.

Генетикалық түрлендірілген дақылдардың көп таралған түрі – соя. Трансгенді соямен қоректірілген жәндіктер ары қарай ұрпақ жалғастыра алмайтын әлсіз ұрпақты дүниеге әкелген. Осы орайда Қытай елі бізден 3 миллион гектар жер сұрап, оған соя егеміз деген ұмтылысының себебі анықталғандай. Соя ұны әрбір нан өнімдерінің, шоколад пен кәмпиттердің кейбір түрлерінің құрамында кездеседі. Ірімшік, айран өнімдері соя майынсыз жасалмайды. Тіпті соя майы балалар тамағында бар болып шықты. Сояны пайдаланып, ешбір ет қоспай-ақ шұжық (колбаса) дайындауға болады екен. Бүгінде Астана базарларында қолдан жасалған тауық жұмыртқасына аумайтын өнім бар. Оның біреуінің бүгінгі бағасы тауық жұмыртқасымен бірдей – 22 теңге. Сонда осынау ойға сыймастай күрделі процесті арзымайтын ақшаға, бірақ миллиардтап шығарып, пайда тауып отырғанын түсінеміз. Сапасы жөнінде ол әрине табиғи өнім бола алмас.

Және де ойлантпай қоймайтын бір нәрсе – зерттеушілер мен ғалымдар тарапынан ГТӨ арқылы болуы мынадай мүмкін болатын кеселдер тізбесі аталады: обыр (рак), иммунитеттің төмендеуі, жүрек-қантамыр кеселі, аллергия, асқазан жарасы, жасушылардың мутацияға ұшырауы, белсіздік, ұрықсыздану, күйзеліс, өзіне-өзі қол жұмсау, аутизм. Бұл тізім жалғаса түсуде.

Ал, 2008 жылдан бері «ГТӨ мәдениет» бұрынғыдан да өрлей түсті. Канада әлемде ГМ-рапс өндіруден алда тұр. Еуропа ГТӨ-ні азық етуге мәжбүр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау қауымдастығының бағалауы бойынша азық-түліктегі ГТӨ-ні пайдалану мөлшері 2009 жылдың өзінде әлемдік сауда­дағы ауылшаруашы­лығы өнімдерінің жалпы көлемінің 55-60%-на жеткен [10].

Қазақстан Халал комитетінің Үгіт-насихат бөлімі бастығы Кәрім Қалиев мырзаның айтуынша,  Ресейде бүгін әрбір 6-шы адам бедеу не белсіз болса, біздің елімізде ер мен әйелдің ұрпақты болу қабілеті 50/50 екенін дәрігерлеріміз ашық айтуда [11].

Көптеген елдер генетикалық түрлендірілген өнімдерден бас тарту туралы заңдар қабылдаған. 2000 жылдың өзінде гендік инженерияның қауіптілігі жайлы барлық мемлекеттің билік өкілдеріне, ГМО өнімдерді тоқтату үшін 84 елдің 828 ғалымы қол қойып, арнайы хат жолдаған. Канада 2005 жылдан бері қарсы шаралар ұйымдастырып келеді. Австрия, Грекия, Польша, Швейцария, Венесуэла ГМ-өнімдерден мүлдем бас тартты. Алайда, басқа батыс елдерінің тұрғындары ГМО-ны азық етуге мәжбүр. Өйткені, экологиялық жағынан таза өнімдерді қарапайым халықтың қалтасы көтермейтін көрінеді. Жасанды тағамдарға қарағанда  экологиялық таза өнімдердің бағасы екі есе жоғары. Еуропада қымбат әрі зияны жоқ тағамдарды әзірге бай-қуатты адамдар ғана тұтынып отыр.

Бір тиянақ етерлігіміз, генетикалық өзгеріске ұшыраған өнімдердің денсаулыққа тікелей залалды әсерін анықтау әлі зерттеліп біткен жоқ. Әзірге анықталғаны – гені түрлендірілген өнім зат алмасу процесін бұзып, имунитетті төмендетеді. Өте қауіпті аллергиялық реакциялар пайда болуы, ісік ауруына шалдықтыруы мүмкін. Жасушаларды мутацияға ұшыратады.

Рас, XXI-ғасыр озық технологиялардың дамыған ғасыры. Алайда мұнымен бірге осы технологиялардың бізге деген зияны да артып келеді. ГТӨ-мен байытылған азық-түліктің көбеюі  – қазіргі таңдағы шешімі күрделі мәселелердің бірі болып табылады.

Еліміздегі көкөніс, жеміс-жидектердің басым бөлігі шет елдерден әкелінетіні бәрімізге аян. Кез-келген дүкенге немесе сауда орындарына бара қалсаңыз, алдыңыздан көздің жауын алатын түрлі жеміс жидектер, дайын тағамдарға толы сөре кездеседі. Енді сол сатып алған тағамдардың құрамы қандай? Қалай дайындалады? Қайдан келіп жатыр? Мұны біріміз білсек, көбіміз білмейміз. Сөредегі жеміс пен көкөністің сырт пішіні әдемілігі, сақталу мерзімінің ұзақтығы бірден көзге түседі. Күнделікті тұтынып отырған халық та мәнін түсінбей, сатып ала береді.

Тұрғындарды мұндай өнімдерден кім қорғайды, – деген сауал туындауы заңды, оның жауабы екеу: алдымен әр адам сатып алған өнімінің этикеткасын мұқият зерттеп, қауіпсіздігінен көз жеткізуі тиіс, екінші, мемлекет өз халқын ГТ-өнімдердің ашық экспансиясынан заңға сәйкес қорғауы тиіс. Бұл орайда жалған құжаттар мен сертификаттар, осы істерді ұйымдастырушылардың сатылмауы аса маңызды. Осы жөнінде біздің елге соңғы жылдары құрамында ГМО-сы бар тағам өнімдері мен тамақ шикізаты түсе бастағанын, осы санатты азық-түлік пен жемшөп өнімінің ағыны Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіргеннен кейін одан әрі артуы мүмкін екенін, елімізде генетикалық түрлендірілген объектіні қамтитын өнімдер қауіпсіздігіне тәуелсіз сараптама құру қажеттігін қоғам қайраткерлері, депутаттар, ел өміріне бейтарап қарамайтын озық ойлы азаматтар, БАҚ өкілдері ұдайы айтып келеді. Сонымен қатар олар еліміздің қауіпсіздігін ойлайтын болсақ, ГТӨ-ні қолданып, генетикалық түрлендірілген организмдерді қамтитын өнімдерді өсіріп, өндірудің керегі жоқ деп есептейді және де осы шеңберді мемлекетіміз реттеуі қажет екенін айтады. Оған қоса, тұтынушылардың өнімдерді дұрыс таңдауы үшін, өндірушілерге шығаратын өнімдерімен тұтынушыларды ақпараттандыру жауапкершілігін міндеттеу қажеттігі туындайтынын сөз етеді.

Сөз жоқ, генетикалық түрлендірілген азық-түліктер XX ғасырдың биология саласындағы үлкен жетістігі саналады. Бірақ, негізгі сұрақ – осы азық-түліктердің адам ағзасына әсері болып отыр. Көп адамның аштан емес, астан өлмейтінін кепілдік бар ма?! Бізде ГТӨ туралы ресми статистикалық дерек неге жоқ. Батыс ғалымдары мутацияға ұшырау – генетика ғылымының қарқынды дамуы себебінен деп есептейді.

Бір ақпарат көздерінде Израилдағы Вейцман институты бірыңғай таза тамақ деген болмайды деген тұжырым жасапты. Бірнеше жыл 800 ерікті адамды бақылап, оның жартысына тек «таза тамақ» берілген, екінші жартысына жартылай фабрикаттар, чипс, газлдалған тәтті сулар, мұздатылған өнімдер, т.с.с. (зерттеуге 47000 тамақ өнімдері қатыстырылған).

Осы зерттеу нәтижесінде профессорлар Эран Элинав пен Эран Сегал өздерінің әріптестерімен бірге, қандай жағдай болмасын адам ағзасы тұтынған тамақ өнімдерін өзіндік даралықпен қабылдайды, ол әсер екі топтың тұтынған өнімдерінің сапасына қарамастан, оң да, теріс те болуы мүмкін екен, – деп тұжырымдайды.

Бұл тұжырымды өмірдегі мысалдармен айтсақ, біреулер қанша мұқият диета сақтаса да семіре түседі, біреулер ешбір шектеу жасамаса да салмақ қоспайды, – деуге келеді.

Зерттеу баяндамасында да «таза» және «таза емес» өнімді пайдалану әр адамның өзінің жекеше табиғатына байланысты, барлық адамдар үшін «таза тамақтың» бірыңғай формуласы болмайды, әр жолы тамақ өнімдерінің әр түрінің ішектегі микрофлораға қалай әсер ететінін бақылау қажет, – делініпті [11].

Осыған қарамастан «жақсысын айтып, жаманын таяп қой» деген қағидамен, өзіміз ұғынған, мән-мағынасын түсінген мәселелерді оқырманымызға жеткізуді ұйғардық.

Әлем бойынша генетикалық түрлендірілген өнімдерді пайдалану – уақыт мәжбүрлігі.  Бірақ қазақ үшін олай емес. Кең-байтақ жері, жетерлік суы бар, мал өсіріп, егін егуге қолайлы территорияда тұратын бар болғаны 18 миллион халықты онсыз да асырауға болады.

Қытай ғалымы Лао-Цзы: «не жесең, соған тартасың» деген екен. Сол айтқандай, азық-түлік өнімдерін түрлендіріп, ет-сүт, көкөніс, жеміс, бақша өнімдерін таза қалпында пайдалануға бізде мүмкіндік мол.

Қорыта келгенде, зерттеушілердің нақтылауы бойынша, генетикалық түрлендірілген өнімдер – жеке көрпорациялардың біраз бөлігінің өздерінің мүдделері үшін барлық тіршілік иелерінің үстінен әлемдік билік орнатуды бір қолға топтаудың жолы болып шығады. Бостандық үшін күрес (жақсылық) пен тыйым (жамандық) генетикалық түрлендірілген құрамдарды екіұдай күй кешуіне жақындатты. Егер бізге өз отбасымыздың және ұрпағымыздың денсаулығы қымбат болатын болса, біз генетикалық түрлендірілген өнімдерді біздің планетемызда қолдану мен таратудың ақыры неге апарып соғатынына жауап беруге міндеттіміз.

Ғылымда «мүдде» деген категория бар. Бұл мақаланы жазуға неге мүдделі болдық? Оның себебі біздің халықтың басым бөлігі уайымсыз, бейғам. Өлсе – Құдайдан көреді. Өлмеуге болатын жол жоқ па еді, – деп ойланбайды. Социализм бізді соған үйретті, «айтқанды істе де тыныш отыр» – деді. Бүгінгі жағдайда бұлай өмір сүруге болмай барады. Өмір – қатал бәсекеге айналды. Әркім өз тауарын алтынға балап ұсынады. Иманды ойлау азайды. Мұхаммед пайғамбардың: «Сауданы ақша табу үшін жасама, адамдарға қызмет ету үшін жаса» – деген ұстанымын қолдаушылар аз, орындаушылар – жоқтың қасы.

Оның үстіне, бұрын тұтынылмаған тауар жұрт үшін қызық, ол дәмді, сүйкімді, құрт, қымыз шұбат, науат секілді емес – тез табылады, әр бұрыштан ап-арзан бағаға сатып алып, бойыңыз үйреніп кетеді (кезінде «Сникерсті» опырып-ақ жедік). Ендігі жерде: «Өкімет өлтірмейді, зиян болса, шығармас еді» – деген сеніммен сапасын аңдамай тұтына береді. Қазір заман басқа екенін ұғынбайды.

Сондықтан, біздің мақаламыздағы мүддеміз – халықтың көзін ашу ғана. Сол үшін отандық және шет елдік бұқаралық ақпарат құралдарын, шетелдік ғылыми әдебиет пен әлеуметтік желіні сүздік. Тағы қарастырып көрелік дейтіндерге мына ақпарат көздерін де ұсынамыз:

– Ian Van Helsing, Geheim Gesellschaften und ihre Macht im 20. Jahrhundert. Ewertverlag, (Тайные общества и их могущество в XX веке). 1993. Автор бұл еңбегінде 36 дереккөзін ұсынған;

– Башилов Б. История современного масонства. М.; 1992;

– Шанин И. «Троянский конь» мирового правительства. Жур­нал «Наш современник», №10,1992;

– Боголюбов Н. Тайные общества XX века. СПб., 1997. (бұл еңбекте 62 дерек көзі бар);

– Брачев B.C. Масоны, мистики и богоискатели в России. XX век. СПб., 2003;

– Джонстоун М. Масоны. Иллюстративная энциклопедия Древнего Братства. М.; 2011;

– Engdahl F.W. a Century of War. Anglo-American Oil Politics and the New World Order. London: Pluto Books Ltd., 2004;

– Энгдаль, Вильям. Столетие войны: Англо-Американская не­фтяная политика и Новый Мировой Порядок. СПб.: 2008;

– Engdahl F.W. Saat de Zerstrorung. London. 2006;

– Энгдаль У.Ф. Семена разрушения, Тайная подоплека гене­тических манипуляции. М.: СЕЛАДО, 2015;

– William Cooper: «Behold a Pale Horse» (И вот конь бледный); Light Technology Publications, P.O. Box 1495, Sedona AZ 86336.

Бұл еңбектермен таныстырып, осы зерттеуге бағыттаған экономика ғылымдарының докторы, профессор Әлиев Орақ Жолмырзаұлына алғысымызды білдіреміз.

Әрі қарай не істеу керек?

Нақтылап айтсақ, ТЖ өнімдерінің адамдарға әсерін барынша азайтуға қолдан келетіннің бәрін жасауға тырысу керек.

Ол үшін: Қазақстанның жағдайында әр аула иесі өз учаскесінде тамақ өнімдерін өздері өсіріп, көктемнен күзге дейін тұтынып, қалалардағы туыстарына да жеткізіп, қамтамасыз етіп тұруы, қыстық азық ретінде шыны ыдыстарға консервілеп алуға ерінбей кірісуі керек. Ең бастысы, бұл дүкеннен ақшаға сатып алған өнімнен таза болады.

Үйіргелік учаскелерде есек арқандап қана отырмай, өз ұрпағының өмір сапасын жақсартуға барынша күш салып, жалқауланбай іске кірісу керек.

Мемлекет егістіктерде, әсіресе суармалы жері бар өңірлерде өзімізде өндірілетін азық-түлік молшылығын өзіміз жасауымызға ықпал етіп, қолдау шараларын нақты жүргізуі тиіс. Ауыл шаруашылығы жерін тиімді пайдаланылып, кооперация, көлік логистикасы жолға қойылып, жылыжай сынды су үнемдеу технологиясы енгізіліп, баға қымбаттығын қолдан туындатып отырған алыпсатарлар мен делдалдарға тосқауыл қойылғаны жөн.

Генетикалық түрлендірілмеген таза өнімдер шығаратын өндіруші жекеменшік иелеріне барынша қолдау көрсетілуі керек. Бұл – ел халқын отандық таза өніммен қамтамасыз етудің жолы.

Жеке адамдардың өздері тұтынатын тағамдарының қораптарындағы жазбаларын мұқият зертт қажеттігін алдын айттық.

Андрей Вознесенскийдің: «Барлық прогресс – өшпенді, егер нәтижесінде адам құрдымға кетер болса» деген сөзін ылғи да есте сақтауымыз қажет. Біздің сұрағымыз: ТЖӨ адамды құртпайтындай қаншалықты прогрессивті? Біз осынау жалпыпланетарлық, жалпыадамзаттық тағдырнамалы сауалға жауап беруге әзірміз бе? Қазірше әзір емеспіз деп ойлаймыз.

 

Әдебиет:

  1. Tengrinews.kz.

2.Алаш Айнасы.

  1. Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы. Қазақстан Республикасының Заңы N 543. 8 сәуір 2004 ж.
  2. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы. Қазақстан Республикасының Заңы N 301. 21 шілде 2007 ж.
  3. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы. Қазақстан Республикасының Заңы. 6 қаңтар 2012 ж.
  4. htts// pixabay.com/ru/.
  5. https://www.adme.ru/zhizn-kuhnya/3-prostyh-sposoba-otlichit-gmo-ot-obychnyh-produktov-1546665/© AdMe.ru.
  6. www.placewoman.ru.
  7. www.Pulatoff Yusup consulting.
  8. Басығараев Ж. Заман Қазақстан», 18 наурыз, 2010 ж.
  9. ГМО –дан сақтаныңыз!!! Ұрпақсыз қалудың басы ГМО-да!. Жебе. 08.09.2014 ж.
  10. Weizmann Institute of Science.

Кемел М., экономика ғылымдарының докторы, профессор